Құрметті ата-аналар біздің «Абай» балабақшасына қош келдіңіздер!
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі «Абай» балабақшасы 2017 жылғы 1 қарашадан бастап жұмыс істейді. Сиымдылығы 200 балаға арналған. Мемлекеттік дотациясы бар.
Мектепке дейінгі мекеме жалпы ауданы 1050 ш.м. жеке тұрған балалар алаңы бар көпқабаттандырылған үйдің бірінші қабатында орналасқан. Ғимараттың техникалық жағдайы санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Көпқабаттандырылған үйде барлық жағдайлар жасалған (су құбыры, орталық жылыту, кәріз).
Мекеменің жұмыс тәртібі: жыл бойы және балалардың 12 сағаттық болатын бес күндік жұмыс аптасы, топтардың жұмыс режимі – 7.30-дан 19.00-ға дейін (сағат 18.00-ден 19.00-ға дейін кезекші топ жұмыс істейді).
«Абай» балабақшасы мектепке дейінгі білім беру мекемесі — жеке тұлғаны қалыптастырудағы, қоршаған ортаны танудағы және сіздің балаңыз үшін мектепке дейінгі білім алудағы жақсы бастама. Мекемеде 8 топ жұмыс істейді және 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады.
Сіздің балаларыңызды күн сайын тәрбиешілер жоғары кәсіпқойлықпен және сіздің балаңызға деген сезімталдықпен қарсы алады. Біздің балабақшаның қабырғасында балалар хореография, робототехника, тұзды үңгір ем-шара қабылдауы, спорттық жекпе-жек үйірмесі(каратэ), шығармашылық шеберлік, музыкалық аспаптарда ойнау, вокал, театр үйірмесі бар. Балалармен тәрбиешілерден басқа психолог, медбике сияқты мамандар жұмыс істейді.
Біз әрқашанда сізге және де сәбиіңізге ризамыз!
